Күлуге болмайды, бірақ.... Футболшы ойын кезінде серейіп түсті
Германияның солтүстік-шығыс аймақтық лигасындағы "Хеми Лейпциг" клубының форварды Денис Епель ойын кезінде бетон қоршауға соғылып, талып қалды. Оқиға "Хемнитцер" командасына қарсы жетінші тур матчінде (1:0) болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойынның 23-минутында Епель допты қуып жетпек болып, оны алаң шетіне асырып жібереді. Алайда өзі тайғанақтап тоқтай алмай, қоршауға соғылады да есінен танып қалды.
Біраз уақыттан кейін есін жиған футболшыны ауруханаға алып кетті, дәрігерлер оны бір күннен кейін үйіне жіберді.
Клуб өкілдері Денис қазір өзін жақсы сезінетінін, дегенмен, оны бірнеше күн демалысқа жібергеннін атап өтті.
Жарнама