"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду голдар саны бойынша футбол королі Пеленің рекордын жаңартқаннан кейін пікірін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Италияның А сериясы 27-турында "Кальяриге" (3:1) қарсы матчта Роналду хет-трик жасап, карьерасында соққан голдар санын 770-ге жеткізді. Пеленің еншісінде 767 гол бар.
"Бүгін кәсіпқой карьерамда ресми 770 гол соққан сәтте, менің алғашқы сөздерім Пелеге арналады. Дүние жүзінде оның ойындары, мақсаттары мен жетістіктерімен тәрбиеленбеген бірде-бір ойыншы жоқ. Мен де солай өстім. Сондықтан мен Пеленің рекордын жаңартып, дүние жүзінде ең үздік сұрмерген атанғанымды түсінгенде қуаныш пен мақтанышқа бөленемін. Мадейрада өскенімде мұндайды армандамадым да.
Осы таңғажайып саяхатта менімен бірге болғанның бәріне рақмет. Командаластарыма, қарсыластарыма, әлемдегі әдемі ойынның жанкүйерлеріне және бәрінен бұрын отбасыма және жақын достарыма: сендерсіз қолымнан келмес еді, сеніңдер. Енді келесі ойын мен сынақтарды тағатсыздана күтемін! Кезекті рекордтар мен жүлделер! Бұл сапарым әлі аяқталған жоқ. Болашақ ертеңнен басталады, ал "Ювентус" пен Португалия әлі көп нәрсе жеңеді!", - деп жазды Роналду Instagram желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, "Ювентус" 26 ойыннан кейін 55 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында келеді. Енді туриндік клуб 21 наурызда "Беневентоны" қабылдайды.
Бұған дейін Роналду футболшылар арасында тағы бір рекорд орнатқан: ол ХХІ ғасырда мыңнан аса матчқа қатысқан жалғыз ойыншы атанған еді.