Криштиану Роналду Еуропаға оралады - БАҚ

"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаға оралуы мүмкін. 38 жастағы форвардқа Чемпиондар лигасына шығып жүрген клуб көз тігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Әл-Наср" шабуылшысы Криштиану Роналду Еуропаға оралуы мүмкін. 38 жастағы форвардқа Чемпиондар лигасына шығып жүрген клуб көз тігіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
A Bola мәліметінше, Роналду енді карьерасын Бундеслигада жалғастыруы ықтимал. Футболшыға дортмундтық "Боруссия" ұсыныс дайындап отыр. Германиялық клуб басшылығы шабуылшыны жарты жылға жалға алмақ. "Боруссия" басшылығы Криштиану команданың Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өтуге көмектесе алады деген сенімде.
Сонымен қоса, Роналдуға лиссабондық "Спортинг" та көз салып отыр. Клуб өкілдері Криштиану "Әл-Насрдан" кейін бір маусым өз елінің клубында ойнайды деген үмітте.
Жарнама