Футбол
10 маусым 2021 13:29
 

Криштиану Роналду басқа клубқа ауысу үшін не керегін білді

  Пікірлер

blog.share

Криштиану Роналду басқа клубқа ауысу үшін не керегін білді Сурет: ITA Sport Press

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду жаздық трансферлік кезеңде басқа клубқа ауысқысы келсе, төменірек еңбекақыға келісу керек, деп хабарлайды Football Italia.

blog.share

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду жаздық трансферлік кезеңде басқа клубқа ауысқысы келсе, төменірек еңбекақыға келісу керек, деп хабарлайды Football Italia.

Қазіргі таңда ешбір команда футболшының "Ювентустегі" еңбекақысын - бір маусымға 30 миллион еуроны төлей алмайды. 

Мұның алдында Криштиану Роналдуның өкілдері бірнеше топ клубтармен - ПСЖ, мадридтік "Реал" және "Манчестер Юнайтедке" хабарласып, трансфер мәселесін талқылаған.

Сонымен қатар, "Ювентуспен" келісімшартты ұзарту туралы да келіссөз болғанға ұқсайды. Футболшының өзі де Еуро-2020 аяқталғанша командадан кете қоймас. 

Жарнама

Живи спортом!