Криштиану Роналду азиялық Чемпиондар лигасында дубль жасады

Саудиялық "Әл-Наср" футбол клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду азиялық Чемпиондар лигасы 7-турындағы араб әмірліктерінің "Әл-Васл" командасымен матчте дубль жасады.
Саудиялық "Әл-Наср" футбол клубының португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду азиялық Чемпиондар лигасы 7-турындағы араб әмірліктерінің "Әл-Васл" командасымен матчте дубль жасады.
Эр-Риядта өткен кездесу алаң иелерінің пайдасына 4:0 есебімен аяқталды. Роналду 44-минутта пенальтиден салды, сосын 78-минутта ойын үстінде гол соқты. Сонымен қатар, бұл матчте Али Әл-Хассан (25-минут) және Мохаммед Әл-Фатиль (88) көзге түсті.
Роналду футбол клубымен аптасына 3,8 миллион еуро алатын келісімшартқа отырды
Осылайша, Роналду саудиялық клуб үшін голмен аяқталған 100 әрекет жасапты. Ол "Әл-Наср" сапындағы карьерасында 89 матч өткізіп, 81 гол салды және 19 нәтижелі пас беріпті.
Жарнама