Футбол
31 желтоқсан 2022 11:40

Криштиану Роналду арабиялық клубта ойнайтын болды

©twitter.com/alnassrfc

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду "Әл-Наср" футбол клубының сапына қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сауд Арабиясының командасы жұлдызды ойыншыны сапына қосқанын ресми хабарлады. 

Келісімшарт 2,5 жылға есептелген. Кейін Роналду Сауд Арабиясының 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатын өткізу өтінішінің елшісі қызметін атқарады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport