"Қайрат" өз алаңында "Ордабасы" клубынан ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
20-турдың орталық ойындарының бірінде халықтың командасы аталып кеткен "Қайрат" өз үйінде ұпайдан қағылды. Шымкенттен келген ұжым 1:2 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудегі есепті Максим Федин 8-минутта ашты. Ал бірінші таймның соңғы минуттарында Жоао Пауло таразы басын теңестірді.
Үзілістен кейін "Қайраттың" экс-тәрбиеленушісі Акмаль Бахтияров чемпионаттағы әдемі голдарының бірін салды. Қорытынды есеп 1:2.
Осыған дейін Петропавлда жергілікті "Қызыл-Жарға" оңбай ұтылған (4:0) оңтүстік қазақстандықтар Алматыдан олжалы оралды.
Енді 21-тур ойындары қазан айының алғашқы аптасына жоспарланған.