Футбол
23 маусым 2022 14:11

ҚПЛ клубы миллиондаған қарыз салдарынан көшбасшыларынан айрылуы мүмкін

©ҚФФ

"Тараз" клубы осы уақытқа дейін командада ойнаған футболшылар мен бапкерлерге 700 миллион теңге қарыз, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осыншама қарыз осыған дейін команданы басқарған басшының кезінде жиналып қалған. Қазіргі басшылық болса 350 миллион теңге қарызды қайтарды. Жамбылдық ұжымда болған бұл жағдайды премьер-лиганың өзге клубтары пайдаланып кетуі мүмкін. Себебі қазірдің өзінде клуб көшбасшылары Бауыржан Байтана, Елдос Ахметов, қақпашы Мұхамеджан Сейсен және басқа да белді ойыншыларға өзге клубтардан ұсыныстар түсуде.

Мәселен, "Ақтөбе" клубының өкілдері шабуыл шебін күшейту мақсатында Байтанамен келіссөздер жүргізуде.

Ішкі чемпионатта "Тараз" 13-турдан кейін үшінші орынға орналасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport