"Тұран" клубының бас бапкері Қуаныш Қабдолов футболдан Қазақстан чемпионатының 14-турдағы "Ақжайықпен" (1:1) өткен матчтан кейін пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қорғаушылардан қамал құратын мықты командаға қарсы ойнадық. Қарсыластың қорғанысқа көп көңіл бөлетінін алдын ала білдік. Соған арнайы дайындалдық. Бірінші таймда жоспарымыз жүзеге асып жатса, үзілістен кейін допқа иелік еткенімізбен көп шабуылдай алмадық. Біздің клубта қаржы мәселесіне қатысты туындаған қиындықтарға қарамастан, әр жаттығуда барын салатын ойыншыларға алғыс айтамын. Өткен кездесуді қайта қарап, кеткен қателерді түзейміз, - дейді Қабдолов.