"Каспий" футбол клубына жаңа бапкер келеді. Бұл туралы "СпортРадар.kz" телегграм арнасы хабарлады.
Белгілі болғандай ақтаулық команда Николай Костовпен келісімшартын ұзартпайды.
59 жастағы болгариялық маманның жетекшілігімен батыс қазақстандықтар 2022 жылғы ҚПЛ маусымын 9-орында аяқтады.
Костов Қазақстан біріншілігінде 2018-2019 жылдары "Шахтер" клубын жаттықтырды. Болгарияда "Ботев" (Пловдив), "Левски", шетелдерде Кипрдің "Анортосис", "Олимпиакос", АЕК, Арменияның "Бананц" Украинаның "Металлург" (Донецк), "Карпаты", "Таврия", "Сталь" (Каменское) және Ресейдің "Тосно" клубтарымен жұмыс істеген.