Футбол
5 желтоқсан 2019 18:00

ҚПЛ-дің қола жүлдегері үздік бомбардирмен келісімшартты ұзартты

© "Ордабасы" ФК
Шымкенттік "Ордабасы" бразилиялық жартылай қорғаушы Жоао Пауломен келісімшартты ұзартты. Футболшы 2019 жылғы маусым қорытындысы бойынша клубтың ең үздік бомбардирі атанған, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Өткен чемпионатта 31 жастағы хавбек шымкенттіктер сапында жалға беру құқымен ойнады, оның негізгі клубы болгариялық "Лудогорцпен" келісімшарты келесі жылдың жазына дейін есептелген. Алайда Transfermarkt мәліметінше, 1 қаңтардан бастап, легионер шымкенттік командада еркін агент ретінде ойнай бастайды. 

"Ордабасы" сапында Пауло 31 матч өткізіп, 15 гол салды және алты ассист жасады. Осылайша, ол командадағы ең үздік сұрмерген атанды. Ал премьер-лига бомбардирлері арасында ол Адеринсола Эсеола (19 голов), Марин Томасов (19), Мартон Эппель (16) және Абат Айымбетовтан (16) кейін бесінші болды.

Ойыншының қазіргі тарнсферлік құны 1,6 миллион еуро, дегенмен, "Ордабасыға" келмей тұрып, ол 1,2 миллион болған. Мұның алдында шымкенттік клуб Абдуллай Диакатемен келісімшартын ұзартқан.