Футбол
24 желтоқсан 2019 13:10

ҚПЛ-ден шығып қалған "Ақтөбенің" бұрынғы бапкері өзге команданы жаттықтырады

© "Ақтөбе" ФК
"Ақтөбе" ФК бапкері Александр Седнев бресттік "Рух" командасын жаттықтыратын болды, - деп хабарлайды белоруссиялық клубтың ресми сайты.

Келесімшарт "1+2" жүйесі бойынша жасалды. Сонымен бірге, бапкерлер штабына биыл Андрей Челмодеев, Александр Демешко мен Андрей Цеван кірді.

Седневтің соңғы клубы "Ақтөбе" болаты, бұл команданы ол 2018 жылдан жаттықтырды. Белоруссиялық маманның жетекшілігімен маусым басын -12 ұпаймен бастаған команда Қазақстан премьер-лигасынан шығып қалды.

46 жастағы Седнев үшін "Ақтөбе" карьерасындағы алғашқы шетелдік команда болды. Өз елінде маман магилевтік "Савит", "Днепр", минсктік "Динамо" және "Белшинді" жаттықтырды.

"Рух" алдағы маусымда Беларуссияның жоғары лигасында ойнайды.