ҚПЛ дебютанты павлодарлық "Ақсу" командасы сырт алаңда оралдық "Ақжайықты" жеңіп, турнир кестесінде соңғы орыннан көтерілді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Орал қаласында өткен ойын 0:1 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 67-минутта Арман Смайылов соқты.
Осы жеңісінен кейін "Ақсу" командасы жеті ұпайды еншілеп, 11-орынға көтерілді. Ал "Ақжайық" болса он ұпаймен 10-орында.