ҚПЛ аутсайдері "Қайратпен" ойын алдында жаңа футболшымен толықты
©"Ақжайық" ФК
Оралдық "Ақжайық" футбол командасы украиналық легионер Максим Каленчукпен келісімшарт жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Оралдық "Ақжайық" футбол командасы украиналық легионер Максим Каленчукпен келісімшарт жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
32 жастағы жартылай қорғаушы осыған дейін өз отанында "Александрия", "Велес" және "Львов" сапында, сонымен қатар, беларуссиялық "Витебск" намысын қорғаған.
Каленчуктің соңғы командасы украиналық "Черкасы" болды. Бірақ футболшы мұнда бірде-бір кездесу өткізбеді.
Еске салайық, бүгін "Ақжайық" Қазақстан біріншілігінің төртінші турында "Қайратқа" қарсы кездесу өткізеді. Қазіргі уақытта оралдық команда 14 орында келеді. Андрей Карповичтің тәлімгерлері әлі ұпай еншілей алмады.
Жарнама