"Ақтөбе" клубы Қазақстан чемпионатының 20-турында "Таразды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қобыланды Батыр" атындағы орталық стадионда алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Батысқазақстандықтар сапында 73-минутта екінші таймда шыққан Сердер Сердеров ерекшеленді.
Осы жеңісінен кейін Андрей Карпович ойыншылары 42 ұпаймен турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр. "Астана" 37 ұпаймен екінші және "Тобыл" 35 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.
Еске салайық, "Ақтөбе" ішкі біріншілікте қатарынан 10 матчта ұтылмай келеді.