Футболдан Қазақстан чемпионатының 11-турында "Шахтер" мен "Ордабасы" кездесті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қарағандыдағы матчта "кеншілер" 1:0 есебімен жеңіске жетті. "Шахтер" сапында 50-минутта Роман Муртазаев жеңіс голының авторы атанды.
Нәтижесінде "Шахтер" 16 ұпай еншілеп турнир кестесінде сегізінші орыннан бесінші орынға дейін көтерілді. Шымкенттік команда болса ішкі біріншілікте қатарынан үшінші ойында жеңіліп отыр. Әзірге "Ордабасы" 14 ұпаймен жетінші орынға жайғасты.