Футбол
9 сәуір 2020 13:21

Коронавирус Қазақстан премьер-лигасы футболшыларының құнын түсіріп жіберді

Адеринсола Эсеола. Сурет: "Қайрат" ФК
Бүкіл әлемдегі чемпионаттардың тоқтауына әсер еткен коронавирус пандемиясы Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін футболшылардың трансферлік құнын құлдыратып жіберді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Осылайша, Transfermarkt мәліметінше, ҚПЛ-дегі барлық клубтардың құны 146,10 миллионнан 123,68 миллион еуроға, яғни, 22 миллион 420 мың еуроға арзандап кеткен.  

ҚПЛ-дегі ең қымбат 11 ойыншысының (4-2-3-1 жүйесі бойынша) трансферлік құны мынадай:

- Марин Томасов ("Астана") бұрын 3,5 миллион еуро, қазір 2,8 миллион еуро;

- Адеринсола Эсеола ("Кайрат") - бұрын 3,2, қазір 2,5 миллион;

- Яцек Гуральски ("Кайрат") - бұрын 3, қазір 2,4 миллион;

- Роман Муртазаев ("Тобол") - бұрын 2,5. қазір 2 миллион;

- Дмитрий Шомко ("Астана") - бұрын 2,5, қазір 2 миллион;

- Жоао Пауло ("Ордабасы") -  бұрын 1,8, қазір 1,4 миллион;

- Дино Миканович ("Кайрат") - бұрын 1,7, қазір 1,4 миллион;

- Стас Покатилов ("Кайрат") - бұрын 1,7, қазір 1,4 миллион;

- Раде Дугалич ("Кайрат") - бұрын 1,6, қазір 1,3 миллион;

- Иван Маевский ("Астана") - бұрын 1,5, қазір 1,2 миллион;

- Сергей Малый ("Астана") - бұрын 1,5, қазір 1,2 миллион.

Жаопы құны: 19 миллион 600 мың еуро.