Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (КОНМЕБОЛ) Аргентина құрамасына 10 миллион АҚШ доллар сыйақы берді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Біз Аргентина құрамасының киім ауыстыру бөлмесіне кіріп жеңімпаздарға КОНМЕБОЛ-дың атынан 10 миллион АҚШ долларын бердік", - деп жазды аталмыш ұйымның басшысы Алехандро Домингес твиттер парақшасында.
Еске салайық, Қатардағы әлем чемпионатының финалында Аргентина командасы Францияны пенальти сериясында ұтып, өз тарихында үшінші рет чемпион атанды.