10 желтоқсанға қараған түні "Қайрат" Конференция лигасы топтық кезеңіндегі соңғы матчін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Курбан Бердыев жаттықтыратын команда Никосияда жергілікті "Омонияға" қарсы ойнайды. Матчтің басталуы 02:00.
Qazsport кездесуді тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.
Айта кетейік, "Қайрат" және "Омония" жарысты ары қарай жалғастыруға үмітті емес, топта бірінші және екінші орында "Базель" мен "Карабах" (11 ұпайдан).