Конференция лигасындағы "Ақтөбе" - "Торпедо" матчі ірі есеппен аяқталды

"Ақтөбе" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында жеңіске жетті, -деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақтөбе" Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында жеңіске жетті, -деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақтөбе" сырт алаңда грузиялық "Торпедомен" ойнап, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Әлібек Қасым 34-минутта пенальтиде гол соғып, есепті ашты.
43-минутта Милош Райчкович есепті еселеді.
73-минутта Арман Кеңесовтің кенеттен алған жарақаты салдарынан ойынға қосылған Максим Самородов есепті 3:0 етті.
Алаң иелері екінші таймның соңғы, 89-минутында бір гол соқты. Авторы Георгий Арабидзе.
Алайда қосымша уақытта қазақстандық команда қарсыластың қақпасына төртінші голды (Андрей Филипович) салып, матчты 4:1 есебімен аяқтады.
Жарнама