Футбол
29 сәуір 2022 05:06

Конференция Лигасы. "Лестер" мен "Рома" жеңімпазды анықтай алмады

©Reuters

Футболдан кәрі құрлықтың үшінші деңгейлі турнирі саналатын Конференция Лигасының жартылай финалдық ойындары өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Дегенімен жартылай финалда Еуропаның белді ұжымдары кездесті. Атап айтқанда 2015/16 жылғы маусымда Англия чемпионы "Лестер" мен Италияның бірнеше дүркін жүлдегері "Рома" клубтары кездесті. 90 минуттың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталмады. Есеп 1:1.

"Лестер" (Англия) - "Рома" (Италия) - 1:1 (0:1)

Голдар: Пеллегрини, 15 (0:1); Манчини, 67 - автогол (1:1).

"Лестер": Шмейхель, Рикарду Перейра, Фофана, Эванс, Кастань (Джастин, 21), Тилеманс, Мэддисон, Дьюсбери-Холл, Олбрайтон (Барнс, 62), Лукман (Перес, 83), Варди (Ихеаначо, 62).

"Рома": Руй Патрисиу, Карсдорп, Ибаньес, Смоллинг, Манчини, Залевски (Винья, 85), Кристанте, Пеллегрини (Афена-Гьян, 85), Мхитарян (Верету, 57), Дзаньоло (Сержиу Оливейра, 69), Абрахам.

Ескертулер: Абрахам, 8. Дьюсбери-Холл, 26. Варди, 59; Дзаньоло, 63.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport