Колумбиялық футболшы Мессиден асып түсті

© instagram/jamesrodriguez10

Колумбиялық танымал футболшы Хамес Родригес Америка кубогы жарысында 6-шы нәтижелі пасын берді. Осылайша әйгілі аргентиналық Лионель Мессидің рекордын жаңартты.

Месси 2021 жылы 5 рет ассист жасаған еді. Жартылай финалдағы нәтижеден кейін бір жарыста нәтижелі пас беру көрсеткіші бойынша Хамес алға шықты.

Финалда Хамес пен Месси (бұрынғы "Реал" мен "Барса" ойыншылары) бір-біріне қарсы ойнайды.

Тағы бір айта кететіні, “Сан-Паулуда” ойнайтын Хамес Родригеске "Атлетико" мен "Реал Сосьедад" ұсыныс жасап көрмек.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар