ҚФФ Стойловтың ұлттық құрамадан кетуіне қатысты пікір білдірді
© ҚФФ
Қазақстан футбол федерациясы мен футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді, - деп хабарлайды Vesti.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
"Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызында басқарған еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасына қатысты. Сонымен қатар, жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты.
Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Стойлов Қазақстан құрамасын наурызда жаттықтыра бастады. Осы аралықта ұлттық құрама үш жолдастық кездесудің екеуін ұтты, алайда, Ұлттар лигасында Грузиядан екі рет жеңіліп, D дивизионында екінші ғана болды.
51 жастағы маман Қазақстанда 2014 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның жаттықтыруымен "Астана" төрт рет ел чемпионы болды, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен.
Стойлов Қазақстан құрамасынан кетіп, еурокубоктар қатысушысын жаттықтырмақ

Жарнама