"Кездесу тағдырын шеше алады". Польша бапкері өтпелі ойындарда кімнің гол соғатынын айтты
Польша құрамасының бас бапкері Паулу Соуза ӘЧ-2022 жолдама берілетін өтпелі ойындарға қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Польша құрамасының бас бапкері Паулу Соуза ӘЧ-2022 жолдама берілетін өтпелі ойындарға қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Катарға баруға үмітті командалардың барлығы мықты. Біздің топта қарсыластардың деңгейі шамалас деп айтсақ болады. Ең бастысы өтпелі матчтар басталған шақта құрама ойыншылары толыққанды жарақатсыз болса деген тілек бар. Өз командама әрқашан сенім артамын. Біздің ұжымда әлемнің үздік ойыншысы бар. Негізі Левандовски ерекше футболшы. Ол кез-келген сәтте кездесу тағдырын шешіп кете алады. Өтпелі ойындарда голды Левандовски салуы мүмкін. Ресей құрамасы жуырда бас бапкерін ауыстырды. Нәтижесінде ойындары оңала бастады. Алдағы уақытта қарсыластарды зерттейтін уақыт жеткілікті", - Соуза.
Еске салайық, Ресей, Польша, Швеция және Чехия командалары бір топқа жайқасқан. Алғашқы жартылай финал Ресей мен Польша және екінші жартылай финалда Швеция мен Чехия арасында өтеді. Қос финалист Катардағы футбол тойы үшін барын салады. Алғашқы матчтар 2022 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.
Жарнама