Қазақстандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразов Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында "Қайраттан" кеткеннен кейін мансабын жалғастыруы мүмкін еуропалық клуб туралы айтып берді. Қазіргі уақытта ойыншы ресейлік "Чайка" сапында өнер көрсетеді.
"Мен "Қайрат" сапынан кеткен сәтте қолымда грекиялық "Паниониос" клубымен келісімшарт болды. Алайда, ол жақта тек бір мәселе болды. Олар мені тек жаңа маусымнан, яғни 2020 жылдан бастап қана қабылдай алатын болды. Мен жазға дейін Латвияға кетіп қалдым, жазда карантин болып, үйге қайттым. Ал "Паниониос" ол кезде жоғарғы дивизионнан шығып кетті. Осыған байланысты Грекияға қатысты жоспарлар орындалмай қалды" - дейді Оразов.
Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы жартылай қорғаушы оңтүстік астаналық "Қайрат" шәкірті. 2020 жылдың наурызында ойыншы алматылық клуб сапынан кетіп, латвиялық "Даугавпилс" командасымен келісімшартқа қол қойды. Алайда, ізін ала өткен жылдың тамызында Оразов "Чайка" сапына ауысты.
Қоса кетейік, жуырда ғана өткен Украина - Қазақстан матчында Оразов ұлттық құрамадағы дебютін жасады. Ол екінші таймның басынан өнер көрсетті.