Футбол
23 қыркүйек 2022 03:14

Қазақстанның қарсыластары күтпеген нәтиже тіркеді

©azerisport

Словакия құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында өз алаңында Әзірбайжан командасынан ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Трнавадағы матч 1:2 есебімен аяқталды. Бірінші таймның соңғы минуттарында Ренат Дадашов есеп ашты. Алаң иелері кездесу соңында пенальтиден таразы басын теңестіре алды. 11 метрлік айып добын Эрик Йирка мүлтіксіз орындады. Алайда соңғы секундтарда Ходжад Хагверди жеңіс голының авторы атанды.

Осылайша, бес турдан кейін Қазақстан құрамасы 13 ұпаймен өз тобында көш бастаса, Әзірбайжан 7 ұпаймен екінші орынға көтерілді. 6 ұпайы бар Словакия үшінші және 2 балл жинаған Беларусь ең соңғы орынға жайғасты.

Енді "қаршығалар" С лигасынан В лигасына жолдама алды. Сонымен қатар, Магомед Әдиев шәкірттері Еуро-2024 турнирінің іріктеуіне қатысады. Жеңіске жеткен жағдайда кәрі құрлық турниріне жолдама алуы мүмкін.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport