Қазақстанның Еуро-2022 1/4 финалындағы матчіне тікелей көрсетілім

Бүгін, 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні футзалдан қазақстан құрамасы Еуро-2022 1/4 финалында Украинамен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін, 31 қаңтардан 1 ақпанға қараған түні футзалдан қазақстан құрамасы Еуро-2022 1/4 финалында Украинамен ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Амстердамда өтетін кездесу 01:00-де басталады. Матчты Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.
Бұл ойынға Эдсон мен Тайнан шеттеу салдарынан қатыса алмайды. Сонымен қоса, Азат Валиуллин де жарақат алып қалды.
Қазақстан B тобынан плей-офф кезеңге бірінші орыннан шықты. Ал Украина А тобында екінші болған.
Жеңіске жеткен жағдайда Кака жаттықтыратын команда Ресей - Грузия жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Жарнама