Қазақстанға гол салған Люкесенбург ойыншысы сотталды
Люксембург құрамасының шабуылшысы Жерсон Родригес шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылды.
Люксембург құрамасының шабуылшысы Жерсон Родригес шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылды.
RTL мәліметінше, Люксембург пен Қазақстан арасындағы кездесуден (2:1) кейін футболшыға қатысты сот шешімі шығыпты.
Матчта футболшы бір гол соғып, ассист жасады.
Родригес 2020 жылғы Люксембург аруы атағы бар бұрынғы сүйіктісі Эмили Боландқа зорлық көрсетті деп айыпталған. Енді Жерсон шартты түрде 18 айға бас бостандығынан айырылды және 1500 еуро айыппұл төлейді. Сонымен қоса, ол Боландқа 2430 еуро өтемақы төлеуі тиіс және ашуды бақылауда ұстау терапиясынан өтуі міндет.
Еске салайық, Жерсон 2019 жылы киевтік «Динамо» сапына қосылды. Қазіргі таңда жалға алу құқымен «Слованда» ойнап жүр.
Жарнама