Қазақстандық команда "Украиналық Халкты" сапына қосты
"Атырау" ФК жаңа ойыншы Александр Нойокты таныстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Атырау" ФК жаңа ойыншы Александр Нойокты таныстырды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Белгілі бразилиялық футболшыға ұқсастығы үшін "Украиналық Халк" атанып кеткен 30 жастағы ойыншы донецкілік "Шахтер" түлегі. Алайда ол негізгі команда үшін сол күйі ойнамай кетті.
Украинада ол "Закарпатье", "Металлист", "Рух" және "Металлург" комадаларында өнер көрсеткен. Сонымен қоса, ол Беларусь чемпионатында минскілік және Брест қалаларының "Динамо" клубтарында ойнаған.
Одан бөлек ол ресейлік "Оренбург", кипрлік "Аполлон" және израильдік "Маккаби" клубтарында өнер көрсетті.
Нойок Украинаның жастар құрамасының капитаны болған. Алайда ересектердің ұлттық командасына шақыртылмады.
Жарнама