Футбол
30 қараша 2021 03:33

Қазақстандық клубқа көмектесіп, өз қақпасына гол соққан ойыншы "Алтын допты" иеленді

©Getty Images

"Барселона" клубының жартылай қорғаушысы Алексия Путельяс әйелдер арасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша "Алтын доп" иегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Салтанатты іс-шара Париждің "Шатле" театрында өтті. Испаниялық ойыншы France Football журналының тұжырымы бойынша маусымның ең үздігі деп танылды. Екінші орын "Барселонаның" тағы бір футболшысы Дженнифер Эрмосоға бұйырды. Үздік үштікті "Челси" шабуылшысы Сэм Керрге түйіндеді.

Еске салайық, 2018/19 жылғы Чемпиондар Лигасының 1/16 финалында Шымкентте жергілікті "БИІК-Қазығұрт" пен "Барселона" кездесіп, отандық ұжым 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бірінші таймның соңына қарай Путельяс байқайсуызда өз қақпасына гол соғып алған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport