Футбол
5 желтоқсан 2019 17:16

Қазақстандық клуб үш легионерді сапында қалдырды

© "Шахтер" ФК
Карағандылық "Шахтер" үш легионермен келісімшартты келесі жылдың соңына дейін ұзартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олар украиналық қорғаушы Евгений Ткачук, эстониялық шабуылшы Сергей Зенев және сербиялық жартылай қорғаушы Милош Видович.

28 жастағы Ткачук ҚПЛ-дің өткен маусымында 24 матчінде екі гол салды, 30 жастағы Зенев 30 ойында сегіз гол және осынша нәтижелі пас берді, ал 30 жастағы Видович 13 турда ешқандай нәтиже көрсетпеді.

Сонымен бірге, қарағандылықтар сапынан украиналық Артем Барановский, Дмитрий Бачек, Мозамбик ойыншысы Режинальдо, угандалық Кизито Лувага және хорват Иван Пешич кетті. Команда болгариялық жаттықтырушы Николай Костовпен де қоштасты.