Футбол
20 шілде 2022 16:56

Қазақстандық клуб сөзінде тұрмайтын легионерге қатысты бір шешімге келді

©"Ордабасы" ФК

Нигериялық жартылай қорғаушы Чиди Осучукву "Тұран" сапынан кетті, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. Тараптар келісімшартты екі жақтты келісіммен бұзды.

Биылғы маусымда Осучукву барлық турнирде он матчқа қатысып, екі гол салды. Ал "Тұран" сапына футболшы  қыста өткен болатын. Ал оған дейін "Ордабасының" келісімшартымен таныспай тұрып, ешқай клубқа бармаймын деп шымкенттіктерге уәде еткен. Дегенмен ол сөзінде тұрмады, ойыншы ұсынысты күтпестен түркістандық командаға өтіп кетті.

Мұның алдында легионерге оңтүстіктен тағы бір клуб - "Мақтаарал" көз тігіп отырғаны белгілі болды. 

Осучукву карьерасында португалиялық "Брага", белоруссиялық "Динамо-Бреста", "Рух", ресейлік "Томь" және "Ордабасы" сапында өнер көрсеткен. Сонымен бірге, ол Нигерияның жастар құрамасында ойнаған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport