Футбол
18 наурыз 2022 14:31

Қазақстандық клуб ресейлік футболшыны сапына қосты

©"Тараз" ФК

Талдықорғандық "Жетісу" қазақстандық Тимур Жакупов пен ресейлік Михаил Мищенконы сапына қосты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Жакупов карьерасын "Тобылда" бастаған. Сонымен қоса, ол "Шахтер-Болат" пен "Оқжетпес" сапында өнер көрсеткен. 26 жастағы футболшы ойнаған кейінгі команда "Ақсу" болды.

32 жастағы Мищенко Ресейдің екінші деңгейлі лигасында ойнаған. Ол "Рубин", "Терек", "Алания", "Сахалин", "Тосно" және "Луч-Энергии" командаларында өнер көрсеткен. Қазақстанда 2020 жылдан бері "Тараз және "Қайсар" сияқты клубтарда ойнап келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport