Ресейлік футболшы Евгений Козлов "Ақжайық" сапына өтті. Бұл туралы оралдық клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр.
26 жастағы футболшы жартылай қорғаушы позициясында және шабуылда да ойнай алады.
Ойыншы кәсіпқой карьерасын 2012 жылы бастап, "Витязь" (Подольск), "Волга" (Нижний Новгород), "Зенит-2" (Санкт-Петербург), "Динамо" (Санкт-Петербург), "Шахтер" (Солигорск), "Спартак" (Юрмала) командаларында ойнаған. Юрмалалық клубпен 2016 және 2017 жылдары Латвия чемпионы болған.
Оның кейінгі клубы "Вентспилс" болды, бұл команда үшін өткен маусымда ол 26 матчте 11 гол салды.
Евгений Ресейдің жастар құрамасында ойнаған.