Маманмен бірге "Шахтерден" оның көмекшісі Алексей Величко де кетеді. 63 жастағы укариналықтың жетекшілігімен команда екі ресми матч өткізді - "Тоболдан" ұтылып (1:3), "Қайратты" жеңді (1:0).
Мұның алдында Грозный жергілікті футболшыларға сенбейтіні айтылып, бұл клуб басшылығының наразылығын тудырған еді.
Енді "Шахтерді" Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Константин Горовенко жатықтыратыны айтылуыда. Қазір ол "Жетісу Б" командасының бапкері және бірнеше жыл "Қайрат" штабында болған.