Петерборлық "Зенит" жолдастық кездесуде араб әмірліктерінің "Эмирейтс" командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл ойынға Қазақстан құрамасының футболшысы Нұрәлі Әліп қатыспағанын айта кетейік.
Кездесуде есепті бразилиялық Клаудиньо 18-минутта ашты, ал екінші таймда Александр Ерохин дубль жасады (50 және 56-минут). Осылайша, ресейлік команда 2022 жылғы бірінші ойынында жеңіске жетті.
Ал Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп клубта бақылаудан өтіп жатыр. Бұл командаға ол "Қайрат" сапынан барды.
Тransfermarkt футболшыны 1,7 миллион еуроға бағалауда.