Футболшының командасы "Араратпен" кездесіп, 1:0 есебімен ұтты. Жалғыз голды Джими Алексис 60-шы минутта салды.
Рудосельский алматылық "Қайрат" тәлімгері. Футболшы алаңда толық матч ойнады.
Алты ойыннан кейін "Лори" Армения чемпионатында бесінші орында және еурокубоктарда өнер көрсету үшін күресіп келеді.
Еске салайық, 25 жастағы Рудосельский көктемде белоруссиялық "Смолевичи" командасымен келісімшартқа отырған, алайда, трансфер карантин салдарынан болмай қалды. "Лори" сапына ол тамызда ауысты.