Футбол
31 қаңтар 2020 09:54

Қазақстандық футболшы ресейлік клубтастарына қазақтың ұлттық биін таныстырды

© "Сочи" ФК
Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Акмаль Бахтияров ресейлік "Сочидегі" әріптестерін қазақтың ұлттық биі "Қара жорғамен" таныстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Видео "Сочи" ресми Instagram-парақшасының "сторисінде" жарияланды. Клуб қақпашысы Евгений Фролов Бахтияровтың "Танцы" шоуының кастингінен өте алатынын айтып қалжыңдады.



21 жастағы Бахтияров "Сочимен" бірге Түркиядағы жиында жаттығып жатыр. 18 ойыннан кейін оның командасы Ресей Премьер-лигасының соңғы, 16-орнында келеді. Қазақстандық футболшы клубқа 2019 жылдың басында ауысқан, ал биылғы маусымда екі матчқа қатысты.