Футбол
9 шілде 2021 09:40

Қазақстандық футболшы ресейлік клубпен келісімшарт жасады

Сурет: "Оқжетпес" ФК

Омбылық "Иртыш" өзінің ресми сайтында қазақстандық жартылай қорғаушы Антон Куксинді сапына қосқанын хабарлап отыр, деп жазады Vesti.kz.

26 жастағы ойыншы омбылық командаға "Тюмень" сапынан қосылды. 2020 жылдан ойнай бастаған түмендік командада ол кәсіпқой футбол лигасы деңгейінде 23 матч өткізген. 

Куксин бұрын Қазақстан чемпионатында ойнаған. "Оқжетпесте" өнер көрсеткен бес маусымда Антон 95 ойынға қатысып, төрт гол салған екен. Сонымен қоса, 2019/20 маусымында ол оралдық "Ақжайықта" да ойнаған. 

Көкшетаулық клуб түлегі ҚПЛ-де 2015 жылы өнер көрсете бастады, ал жастар құрамасы сапында 43 матч өткізген. 

2019 жылы қаңтарда Куксин Германияға барып, төртінші лигадағы командада бақ сынап көрді. Одан кейін "Ақтөбе" сапына қосылмақ болған екен.