21 жастағы шабуылшы Ержан Ибрагимов ресейлік "КраСава" клубында қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Футболшы ресейлік команданың жаттығуларының бірінде "Ақжайық" экипировкасында ойнап жүргенде көзге түскен.
Еске салайық, "КраСава" – Ресейде белгілі блогер Евгений Савинге тиесілі жекеменшік клуб. Команда екінші деңгейдегі лигада "Кайрат-Мәскеу" клубымен қатар ойнайды.
Ибрагимов "Ақжайық" тәлімгері, алайда, негізгі командада ойнамады. 2021 жылы "Мақтааралда" жалға беру құқымен өнер көрсетіп, бірінші лигада төрт матчке қатысты.