ЦСКА әйелдер клубы Ресей Кубогінің финалында "Зенитті" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Санкт-Петербургтегі матчте 2:1 есебімен мәскеуліктер жеңіске жетті. Жеңімпаздар сапынан Татьяна Петрова (36-минут) және Габриэль Онгене (45-минут) гол салса, алаң иелерінен Ксения Цыбутович (47-минут) көзге түсті.
Осылайша, ЦСКА екінші рет өз тарихында аталмыш Кубокті иеленіп отыр. Бірінші рет мәскеулік ұжым 2017 жылы жеңіске жеткен.
Еске салайық, Қазақстан құрамасының ойыншысы Юлия Мясникова ЦСКА сапында 2019 жылдан бері ойнап келеді.