Футболдан Қазақстанның жастар құрамасының қорғаушысы Дінмұхамед Кәшкен Франция чемпионатындағы "Монако" үшін бірінші ойынын өткізді. Бұл туралы футболшының өзі әлеуметтік желі арқылы хабарлады, деп жазады Vesti.kz.
Қаңтарда 22 жасқа толатын футболшы бірінші матчте гол салды.
Айта кетейік, "Монаконың" екінші командасы Францияның төртінші лигасында өнер көрсетеді. 14 тур қорытыдысы бойынша команда 16 клуб арасында сегізінші.
Мұның алдында Дінмұхамед "Атлетико" мен тағы бір испаниялық клуб "Касабланканың" жастар командасында ойнаған. Сонымен бірге, ол қазақстандық "Астана", "Жетісу", "Қайсар" мен "Ақтөбе" құрамдарында да өнер көрсеткен.