Қазақстандық футболшы мәскеулік клубтың ең мықты ойыншысы атағына ұсынылды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА клубының қараша-желтоқсандағы ең мықты ойыншысы атағына ұсынылды, деп хабарлайды мәскеулік команданың баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА клубының қараша-желтоқсандағы ең мықты ойыншысы атағына ұсынылды, деп хабарлайды мәскеулік команданың баспасөз қызметі.
"Ресми сайтта қараша-желтоқсандағы ЦСКА командасының ең мықты ойыншысына дауыс беру басталды. Үміткерлер қатарында Бахтиер Зайнутдинов ("Сочи"), Игорь Акинфеев ("Химки" және "Крылья Советов"), Максим Мухин ("Зенит") және Антон Заболотный ("Арсенал")", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда дауыс беруде Акинфеев - 52 пайызбен көш басында, ал Зайнутдинов екінші орында - 26. Дауыс беруге мына жерде қатысуға болады.
Жарнама