Футбол
4 мамыр 2020 17:48

Қазақстанда бірінші футбол клубы ашық алаңда жаттыға бастады

Сурет: "Ақтөбе" ФК
"Ақтөбе" футбол клубы өзінің ресми сатйныда Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда жаттыға бастағанын хабарлады. 

Осылайша, ол қазақстандық клубтар арасында 4 мамырдан жаттыға бастаған бірінші команда болаып отыр. Еске салайық, президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік комиссия елде 4 мамырдан бастап спортпен шұғылдануға рұқсат берген. 

Айта кетейік, футбол командалары ашық ауада бір айдан астам уақыт жаттыға аламады. Осыған дейін ойыншылар жекелей бағдарламалар бойынша жаттықты.