Футбол
17 наурыз 2021 18:29
 

Қазақстан мен Франция арасындағы ойынға жанкүйерлерді кіргізу туралы мәлімдеме шықты

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан мен Франция арасындағы ойынға жанкүйерлерді кіргізу туралы мәлімдеме шықты Фото: КФФ©

Қазақстан мен Франция арасындағы 2022 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу матчына жанкүйерлер кіргізілмейтін болды,- деп хабарлайды  Sputnik Казахстан.

blog.share

Қазақстан мен Франция арасындағы 2022 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу матчына жанкүйерлер кіргізілмейтін болды,- деп хабарлайды  Sputnik Казахстан.

Ойын 28 наурыз күні Нұр-Cұлтан қаласындағы "Астана Арена" спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесу Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін осы айналымдағы алғашқы ойын болғалы тұр. 

Екі ел арасындағы бәсекеге жанкүйерлерді кіргізу турасындағы сұраққа елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова: "Жоқ, болмайды" - деп жауап берді. 

Осыдан бірнеше уақыт бұрын Қазақстан футбол федерациясы осы ойынға жанкүйерлер кіргізілуі ықтимал деген болатын. Алайда Нұр-Сұлтан қаласы "қызыл" аймаққа қайта кіргендіктен, карантиндік шаралар күшейді.

Жарнама

Живи спортом!