"Жетісу" футбол клубының шабуылшысы Айбар Жақсылықов 4 матчқа шеттетілді,- деп хабарлайды ҚФФ.
"Бас төрешіге қарсы дөрекі сөйлеп, спортқа тән емес мінез-құлқы үшін "Жетісу" ФК ойыншысы Айбар Жақсылықов төрт матчқа шеттетілді. Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 45-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес қабылданды. Жаза мерзімі 2020 жылдың 1 қарашасында күшіне енді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Жақсылықов "Қызыл-Жармен" өткен матчтың 85-минутында қызыл қағаз алған болатын. Шабуылшы осы маусымда 4 гол соғып, Қазақстан құрамасына шақырту алып үлгерді.
Футбол
5 қараша 2020 23:04
Қазақстан құрамасының шабуылшысы төрешіні балағаттаны үшін төрт ойынға шеттетілді

Сурет: ҚФФ