Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткен ресейлік "Кубань" командасына ауысты, деп жазады "ФНЛ с Ильевым" телеграм-арнасы. Дереккөздің ақпараты бойынша, краснодарлық клуб қазақстандық шабуылшымен маусымның соңына дейін келісімшарт жасайды.
Негізі Щеткин "Кубань" сапына жазда ауысуға жақын болған еді. Бірақ ол кезде екі тарап келісімге келе алмады.
Осыған дейін "Щеткин" Ресейдің екінші деңгейлі біріншілігінде "Ротор" сапында ойнап, 25 кездесуде 7 гол соқты.
Қазіргі уақытта "Кубань" 8 ойыннан кейін 14-орында келе жатыр.