Футбол
9 желтоқсан 2019 16:26

Қазақстан құрамасының шабуылшысы ҚПЛ-дегі жалға алынған ең олжалы футболшы

© KazFootball.kz
Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Алексей Щеткин жалға алу кезінде құны өсіп кеткен ҚПЛ-дегі ең олжалы ойыншы болып отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2017 жылы "Тобыл" 28 жастағы шабуылшыны "Астанадан" жалға алған. Қостанайлық клубқа өтерде оның нарықтағы құны 400 мың еуро еді. Алайда қостанайлықтар үшін сәтті ойын - ҚПЛ-дегі 27 матчте он гол және сегіз ассист футболшының трансферлік құнын миллион еуроға дейін жеткізді. Соңғы тоғыз жылда ешбір ойыншының трансферлік бағасы мұнша өскен емес.

Өткен маусымды "Ордабасыда" өткізген Щеткиннің нарықтағы қазіргі құны 1,8 миллион еуро, шырқау шегі екі миллион болған. 

2019 жылғы маусымда трансферлік құны ең жақсы көрсеткішке жеткен "Ордабасының" екі легионері болды - Жоао Пауло және Мая Махлангу. Екеуі де 300 мың еуроға қымбаттады: бразилиялық 1,3-тен 1,6 миллион еуро, оңтүстікафрикалық - бір миллионнан 1,3 миллион еуроға дейін. Жыл басында олар болгариялық "Лудогорцтан" жалға алынған еді.