ӘЧ-2022 іріктеуінде Украинаға қарсы ойында көзге түскен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиковке украиналық "Заря" клубы қызығушылық танытты,- деп хабарлайды Sport.ua.
Украина мен Францияға қарсы матчтарда көрсеткен ойын өрнегіне қарап "Заря" клубының жаттықтырушылары 31 жастағы "Тобыл" ойыншысын жоғары бағалап отырған көрінеді. Сондықтан олар Мужиковты келесі маусымға орта шепке қосалқы ойыншы ретінде қарастыруда.
Серікжанды қатарға қосу олар үшін қиындық туғызбайды. Ол қазақстандық клубпен күнтізбелік жыл аяғына дейін ғана келісімшарт жасаған, ал трансфердің құны шамамен 600 мың еуро. Келісімшарттың аяқталуына жарты жыл қалғанға дейін бағаны бірнеше есеге түсіруге болады.
Мужиков - тәжірибелі ойыншы. Оның қоржынында еурокубоктің 56, Қазақстан премьер-лигасының 200-ге тарта ойыны бар. "Астана" сапында Серікжан алты рет ел чемпионы атанған.
Ал "Заря" командасы 18 матчта 32 ұпай жинап, әзірге Украина біріншілігінде үшінші орында тұр.