Қазақстан құрамасының ойыншысы "Тобылға" ауысуы мүмкін
"Қызыл-Жар" ойыншысы Еркін Тапалов "Тобылмен" келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Қызыл-Жар" ойыншысы Еркін Тапалов "Тобылмен" келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
29 жастағы әмбебап ойыншы оң қапталда қорғаныс шебінде және басқа да позицияларда доп тебе алады.
Тапаловқа қостанайлықтардан басқа да командалардан ұсыныстар түсуде.
Биылғы маусымда ол "Қызыл-Жар" сапында ішкі чемпионатта 12 матчта бір рет нәтижелі паспен көзге түсті. Сонымен қатар, Конференция лигасында 4 матч өткізді.
2022 жылғы футбол маусымын "Тұранда" бастаған Тапалов түркістандықтар құрамында 9 мәрте алаңға шықты.
2019 жылы Қазақстан құрамасына алғаш рет шақырту алған футболшы 2021 жылы "қаршығалар" сапында 5 ойын өткізді.
Жарнама